Библия | СШ | Стихи | Mедиатека | Закат
 

  adventist.su Христианские стихи Стихотворения Сөзіңе ден қойып, тыңдасам
 
   


Гуляим Темербекова

Сөзіңе ден қойып, тыңдасам

1. Сөзіңе ден қойып, тыңдасам
Өзіңнен нәр алар мен бұтақпын
Ағыл –тегіл тасыған Сен бұлақсың
Ал мен болсам жағадағы құрақпын.
2. Сенің нәрің жанымды жандандырар
Сенсіз өмір мен үшін жоқ сияқты
Ажырап бір сәтке Сенен қалсам
Дүние қап-қараңғы көр сияқты.
3. Жаратушым үзілмейтін Сен өмірсің
Байқалады бар жерде басқан ізің
Мәңгілікке жол сілтер Шоқжұлдызсың
Сол ізбенен жүруге баста Өзің
4. Жапырақтың сылдырын мен тыңдасам
Күн көзіне зер салсам нұрын шашқан
Жағадағы көк толқынға қарасам
Барлық жерге салыныпты Сенің таңбаң.
5. Ризамын мен Саған Жаратушым
Еңбегіңді ақтауға маған жар бол
Тайып кетсем, егерде жаман жолға
Жауратпайтын әр дайым Өзің бар бол.
6. Аялаймын, ардақтаймын Атыңды
Қымбаттысың бар әлемнен Сен маған
Үзілгенше тіршіліктен тынысым
Тәңір Ием қарыздармын мен Саған.


 Прочтено - 2608 раз,  проголосовало 0, средняя оценка 0.00, комментариев 0
 Оцените произведение (после этого Вы сможете оставить комментарии)
 

 Комментарии