Библия | СШ | Стихи | Mедиатека | Закат
 

  adventist.su Христианские стихи Стихотворения Тұрақты емес бұл жалған...
 
   


Гуляим Темербекова

Тұрақты емес бұл жалған...

1. Тұрақты емес бұл жалған
Қисық сызық секілді
Кеше ғана ойын-сауық, думан құрсаң
Бүгін міне үйіңе қайғы кірді.
2. Сенген жаның кетер сатып
Достығы оның таң сарғайып атқанша
Қалдырмайтын, қажымайтын жалғыз досың
Шексіз Алла қашанда.
3.Астың дәмін әр уақытта татқан білер
Өмір құнын төсек тартып жатқан білер
Құдай сызған түзу жолмен жүре білсең
Мақсатыңа Киелі Рух алып келер.
4.Оттан өтпей алтын қалай тазармақ
Жалын шекпей жаның қалай тазармақ
Жүрегіңе ұлық болар үш серігің
Үміт, сенім, махаббат-баптап мінген арғымақ.
5.Үш серіктің ішінде,
Ең бастысы махаббат
Онсыз адам сылдыраған жез ғана,
Онсыз адам зуылдаған аса таяқ жай ғана.


 Прочтено - 2652 раза,  проголосовало 1, средняя оценка 5.00, комментариев 0
 Оцените произведение (после этого Вы сможете оставить комментарии)
 

 Комментарии