Библия | СШ | Стихи | Mедиатека | Закат
 

  adventist.su Христианские стихи Стихотворения Жер шарын Сен іліп қойдың сөзбенен...
 
   


Гуляим Темербекова

Жер шарын Сен іліп қойдың сөзбенен...



1. Жер шарын Сен іліп қойдың сөзбенен
Ғарыштағы әр дененің өз жолы бар көздеген
Сүйіспеншілік ырғағымен ұсталып тұр бар ғалам
Тәңірімнің Ұлылығын ойлай берсем, таң қалам.
2. Таң қаламын, қуанамын, Қорғанымның барына
Жырға қосып, паш етемін Есіміңді мақтана
Әнім де Сен, сәнім де Сен жалғанда
Бар мақсатым, бар үмітім Сен ғана.
3. Тәңір Ием! Бері қарап, құлақ салып, тыңдашы
Бері қарап, бата беріп, Киелі Рух қолдашы
Бір перзентің тәжім етіп, иіліп тұр алдыңда
Тілейтінім әр дайым, көңілден тыс қалдырма.
4. Сөйле тілім, сөйлей түсші тоқтама
Құдай сөзі әр уақытта жағады менің жаныма
Қасиетті заңы Оның тыңдағанға мол мұра
Тыңдағысы келмегенге кесіп түсер ұстара.
5 Мадақтайды Жаратқанды жазылып жатқан кең дала
Көңіл бұрып адамзат жан жағыңа сен қара.
Мадақтайды Алланы тілсіз сұлу табиғат
Еш нәрсені ойламай, алаңсыз жүрген сен ғана.
6.Естігің сен, білгің сен ақырдың тақау екенін
Жаратқанның мейірімі сайран салып жүргенің
Аз күн тірлік, опасыз бұл жалғанда
Тәубаға түсіп, ойланыңдар, қалмаңдар сендер қапыда.


 Прочтено - 2901 раз,  проголосовало 0, средняя оценка 0.00, комментариев 0
 Оцените произведение (после этого Вы сможете оставить комментарии)
 

 Комментарии