|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топырақтан адам затын жараттың...
1. Топырақтан адам затын жараттың
Бейнесін оның Өз бейнеңе ұқсаттың
Кеңсіріктен кеудесіне жан салып
Тіршілікке кейістіксіз қараттың.
2. Ерікті қылып өз жолын өзі таңдауға
Бата беріп, шығарып салдың Сен жолға
Бейіш бағын мекен етті өзіне
Осының бәрі тар көрінді көзіне.
3.Жалғыз болған жаман шығар адамға
Соны ойлап серік қостың қасына
Енді ғана бақыты толық болғандай
Қуанды Адам өз теңімен қосыла.
4.Көрген жанға көз тоймастай сұлулық
Тілменен айтып жеткізу мүмкін емес, ол анық
Аяқ бассаң тоя жейтін ас пен су
Бақтың іші қандай ғажап, қанша рахат,
көңіл толып айтарлық.
5.Адам ата Хауа анамен рахаттанып күн кешті
Оны көріп Ібіліс азғырмақ боп, бел шешті.
Әр күн сайын іші оның күйіп, жанып, өртенді
Жұбайларды жауластыру Тәңірмен
болды басты міндеті.
6.Бақ ішінде екі ағаш бақылауға алынған
Бұл ағаштар жемісін жеуге тыйым салынған
Бірінен жесе жақсылық пен зұлымдықты таниды
Екіншіден жеген жанға мәңгі өмір дариды.
7.Зұлымдықтың атасы осы маңды торыды
.Нақты жерге жұбайлар бір келер деп жорыды
Таңғы самал кезінде, жүрді бақты аралап
Адамзаттың анасы жан жағына қарайлап.
8.Осылай жүріп байқамай, келді ағаш жанына
Мұны көріп Ібіліс, айналды бірден жыланға
Сабырлы, сазды дауыспен, адамдарша үн қатты.
Таңырқады Хау ана , естіп қалып дауысты.
9 «Мына ағаш жемісін жеп көрдің бе сен?»-дейді
Бұл ағаштың жемісі бізге жеуге келмейді
Татқан күні оның дәмін адамзат
Мәңгілікке өмірімен қоштасад.
10.Тәңір Ием солай деген біздерге
Иелерің сендерге шындықты сірә айтпаған
Сенбесең маған жеп көр өзің,
қайтарсың сонда райыңнан
Ашылып бірден көздерің, қалыспассыңдар Құдайдан.
11.Мүмкін жылан айтқан болар шындықты
Осылайша алданып, ұмытты ана бұйрықты
Өзі де жеді жемісті, жегізді оны Адамға
Аңқаулықтың салдарынан жұбайлар,
түсті бірден қақпанға.
12.Шынымененде олардың көздері бірден ашылды
Жалаңаштанған денелерін бір бірінен жасырды
«Қайдасың Адам?- дегенде,құттары қашты, сескене,
Қорқыныш билеп бойларын, тығылды ағаш ішіне.
13.Алғашқы сыннан адамзат, осылай бірден сүрінді
Алыстағанның Құдайдан нәтижесі көрінді
Күдіктенсең Тәңіріңнің сөзінен
Қателесіп, айрыларсың есіңнен.
14.Осылайша жұбайлар, қуылды Бейіш бағынан
Әр дайым болар осылай, бағың тайса басыңнан
«Теріңді төгіп табасың, азығыңды Адам сен
Қара жерге жеткенше, күнелтесің бейнетпен».
15.«Тоғыз ай жүріп толғатып,
Қиналып жаның туасың
Еріңе болып тәуенді,
Бағынышты боласың».
16 «Топырақтан жаралдыңдар
Ораласыңдар жападан. .
Таусылған күні дәмдерің
Топыраққа қайтадан».
17.Жасалған күнә ол баста
Жалғасты ұрпақ ұрпаққа
Дегені Ұлы Тәңірдің
Айналды бірден айғаққа.
18.Мыңдаған жылдар өтсе де
Аялдар емес адамзат
Күнәдан күнә туындап
Жер қайысты тұралап.
19.Сансыз тәлім берсе де,
Топан суын көрсе де,
Саусақпенен санарлық
Пенделері есінде.
20.Арсыздар саны көбейді
Асылдар саны азайды
Жердегі азған ұрпаққа
Бар ғалам тұнып қарайды.
21.Ол баста Алла біледі
Не боларын соңында
Киелі Құрбан дайын тұрды
Адамзаттың жолында.
22,Күнәкардың кінәсін, Масых Иса көтерді
Құтқарылудың біздерге, басқаша жолы жоқ еді.
Пенделердің қатесін шегелеп айқыш ағашқа
Мәңгілікке жол ашты, бәрімізге жұмаққа.
23.Әр бір жанның пиғылы
Болғанмен Оған белгілі,
Уақыт беріп, сынайды
Мақсаты Оның киелі.
24.Қабыл алсаң ниетпен,айтылған Ізгі хабарды
Серігің болып сенімің, жүректен орын табады
Бір кездері жоғалтқан мекеніңе мәңгіге
Басшың болып Киелі Рух, жетелеп алып барады.
Прочтено - 2345 раз,
проголосовало 0,
средняя оценка 0.00,
комментариев 0
|
Комментарии |
|
|
|
|
|
|